Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біртанов еліміздегі коронавирус ахуалы жайлы сөз қозғады - Қазақстан жаңалықтары

Біртанов еліміздегі коронавирус ахуалы жайлы сөз қозғады - Қазақстан жаңалықтары

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі коронавирус ахуалы бойынша сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Өткен тәулікте 140 жаңа науқас тіркелді. Өсім деңгейі 14,7 пайызды құрады. Оның ішінде ең үлкен сан Алматы қаласында - 106, өсім деңгейі - 64 пайыз, Қарағанды облысында - 12, өсім деңгейі - 18 пайыз, Нұр-Сұлтан қаласында - 9, өсім деңгейі - 3,6 пайыз болды», - дейді Біртнаов. .

Елімізде коронавирустан көз жұмғандардың саны осымен 14 адамға жеткен. Он сегіз адамның халі мүшкіл көрінеді. 

«Жазылып шыққан науқастардың жалпы саны - 138 адам. Қазіргі таңда 939 науқас стационарлық ем алып жатыр. Олардың ішінде 57 бала бар. Жағдайы тұрақты науқастардың саны 82 пайыз немесе 770 науқастың жағдайы жеңіл. Орташа деңгейде 151 науқас немесе 16 пайыз, ауыр деңгейде 18 науқас немесе 2 пайыз. Жасанды тыныс алу аппаратында 8 науқас жатыр. Жалпы реанимациядан 16 адам емделіп шықты. Соңғы тәулікте үш адам реанимициядан жалпы палатаға ауыстырылды», - деп қосты министр.


Әлемде коронавирусқа шалдыққандардың саны екі миллионнан асты


stan.kz
Автор
Айбар