Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біртанов 16 жастағы жасөспірімдер үшін қандай жаңашылдық енгізілгенін айтты

Біртанов 16 жастағы жасөспірімдер үшін қандай жаңашылдық енгізілгенін айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Министрдің мәліметінше, қазіргі жастар жыныстық қатынасқа ерте түсетіндіктен, жыныстық жолмен берілетін ауруларды жиі жұқтыратын болған  

НҰР-СҰЛТАН, 17 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 16 жасқа толған қазақстандықтар қандай дәрігерге ата-анасының рұқсатынсыз бара алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Министр Біртанов 76 мың теңге алатын медбикенің жалақысы қаншаға өсетінін айтты 

"Енді 16 жасқа толған жасөспірімдер психиатр, гинекологқа барып, консультация ала алады. Қазір жастардың дені, қарап отырсақ, жыныстық қатынасқа ерте жастан түседі, оның үстіне жыныстық жолмен берілетін ауруларды жұқтыруға бейім болады. Бірақ, олар өз бетінше дәрігерге бара алмайды, соның салдарынан деструктивті әрекеткке барып, өзі емделіп, тіпті, өз-өзіне қол салып жатады", - деді Біртанов мәжілісте "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын таныстыру барысында.

Министрдің айтуынша, қазір психологиялық проблемасы бар жасөспірім, тіпті ата-анасымен қарым-қатынасы нашар болса да, психологқа немесе психиатрға әке-шешесімен баруы тиіс.

"Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін біз бұл "планканы" 16 жасқа дейін төмендетіп отырмыз. Алайда күрделі мәселелерге, яғни түсік жасату, тағы басқаларына қатысты жас шектеуі сол қалпында қалды", - деді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі бұған дейін қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасатуға рұқсат беруді заңға енгізбек болған еді. Алайда бұл бастама қоғамның наразылығын тудырғандықтан, министрлік бұл идеядан бас тартты.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр

Журналист