НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір — Sputnik. Қолға алынған шаралардың арқасында Қазақстан вирустың бақылаусыз таралуының алдын алып, қоғамдағы тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтап қалды. Бейнеконференция форматында өткен ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің жиынында президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасады.
Мемлекет басшысы сарапшылардың болжамына сәйкес, 2020 жылы әлемдік жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2%-ке төмендейтінін айтты.