Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бірінші некемнен туған балаларға жақсы әке бола алмадым: Тұрсын Алагөзов ешкімге айтпаған сырын ашты

Бірінші некемнен туған балаларға жақсы әке бола алмадым: Тұрсын Алагөзов ешкімге айтпаған сырын ашты
Ашық дереккөз

Кәсіпкер, Баян Алагөзованың жұбайы Тұрсын Алагөзов бірінші некесінен туған балалары туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Мүмкін бірінші әйелімнен туылған балаларға "жақсы әке" бола алмаған шығармын. Менің бірінші және екінші некемнен 4 балам бар. Ол кезде жасым небәрі жиырмада еді. Баланы қалай қарау керек, қалай тәрбиелеу керек екенін білмедім. Ол кезде курс, нұсқаулық та болған жоқ. Неге олай дедім? Себебі мен бала тәрбиесімен айналыспадым, қастарында болмадым. Анасы айналысты. Ал қазір кішкентай балаларым пайда болғалы, әсіресе қыздарыма махаббат керек екенін түсіндім. Мен оларды таңертең қолыма алып, үйді аралап жүремін. Үйдегі барлығын көрсетіп шығамын. "Сен менің ақылдымсың, алтынымсың" деген сөздерді көп айтамын. Олар кейін өскенде естерінде болмайтын шығар, бірақ сезінген эмоциялары есте қалатыны анық", - деді Тұрсын Алагөзов.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.