Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“65-тен асқан аналарға зейнетақы тағайындаймыз”: Тұрсын Алагөзов сүйінші жаңалығымен бөлісті

“65-тен асқан аналарға зейнетақы тағайындаймыз”: Тұрсын Алагөзов сүйінші жаңалығымен бөлісті
Фото: ашық дереккөз

Танымал кәсіпкер, GALANZ Bottlers компаниясының негізін қалаушы Тұрсынғали Алагөзов әлеуметтік жауапкершілікті алдыңғы орынға қоятын игі бастамасымен жұртшылықтың ықыласына бөленді, деп хабарлайды kznews.kz.

Кәсіпкер компания қызметкерлерінің 65 жастан асқан ата-аналарына тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы ол компанияның жаңа жылға арналған корпоративтік жиынында айтып, ұжыммен бірге жылды қорытындылап, алдағы мерекелермен құттықтады.

Тұрсынғали Алагөзовтің айтуынша, табысты ұжымның қалыптасуында тек қызметкерлердің ғана емес, оларды тәрбиелеп, өмірге жолдама берген ата-аналардың да еңбегі зор. Сондықтан компания үшін әрбір ата-ана ерекше құрметке ие.

Кәсіпкердің бастамасына сәйкес, жасы 65-тен асқан әрбір ата-анаға ай сайын компания қаражаты есебінен 50 мың теңге көлемінде төлем жасалады. Бұл қадамды ол аға буынға деген алғыс пен ризашылықтың нақты көрінісі ретінде бағалады.

Бұл шешім қоғамда әлеуметтік қолдаудың жаңа үлгісі ретінде қабылданып, кәсіпкердің азаматтық ұстанымын айқындай түсті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.