Продюсер Баян Алагөзованың күйеуі танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің отбасылық құпиясын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Айтуынша, ол бірінші әйелінен туған балаларға жақсы әке бола алмаған.
«Мүмкін, бірінші әйелімнен туған балаларға «жақсы әке» бола алмаған шығармын. Менің бірінші және екінші некемнен 4 балам бар. Ол кезде жасым небәрі жиырмада еді. Баланы қалай қарау керек, қалай тәрбиелеу керек екенін білмедім. Ол кезде курс, нұсқаулық та болған жоқ. Неге олай дедім? Себебі мен бала тәрбиесімен айналысқан жоқпын, жандарында болмадым. Бәрімен анасы айналысты. Ал қазір кішкентай балаларым дүниеге келгелі, әсіресе қыздарыма махаббат керек екенін түсіндім. Мен оларды таңертең қолыма алып, үйді аралап жүремін. Үйдегі барлығын көрсетіп шығамын. «Сен менің ақылдымсың, алтынымсың» деген сөздерді көп айтамын. Олар кейін өскенде естерінде болмайтын шығар, бірақ сезінген эмоциялары есте қалатыны анық», - деді ол.