ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біреулер экс-әкімді ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатқан (ВИДЕО)

Біреулер экс-әкімді ұрып-соғып, қолына есірткі ұстатқан (ВИДЕО)

Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны қызу талқылап жатыр деп хабарлады kznews.kz сайты.

Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады.

Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

«Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз», – деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Кейін Шарғабаев Facebook парақшасында 19 мамырда біреулер шабуыл жасағанын айтып, бейнехабарлама жариялады. Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, өзін айыптауға мәжбүрлеген. Сондай-ақ ер адам денесіндегі ұрып-соғу белгілерін көрсетті.

Автор
Айбар