KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Біреуін ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырған»: Астанада ер адам балаларға шабуыл жасаған (видео)

KZNEWS

Астанада тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасады. Бұл туралы Kznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Әлеуметтік желілерде ер адамның бір баланы бетінен тартып қалып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқан сәті түсіп қалған видео тарады.

Оқиға "Эдем палас 2" тұрғын үй кешенінде болғаны  айтылған. Бұл жайттан кейін балалардың ата-анасы полицияға арыз жазды.

"Байқоңыр аудандық полиция басқармасы сол үйдің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді Астана қаласының полиция департаменті.

[video width="640" height="352" mp4="https://kznews.kz/wp-content/uploads/2024/02/5675322247861010773.mp4"][/video]
KZNEWS
Автордың басқа материалдары