Шоу-бизнес

"Біраз әншілер хабарласып жатыр": Мұқасан Шахзадаевқа қоғам белсендісі үндеу тастады (ВИДЕО)

"Біраз әншілер хабарласып жатыр": Мұқасан Шахзадаевқа қоғам белсендісі үндеу тастады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Мұқасан Шахзадаевқа қатаң ескерту жасап, видеоны өшіру туралы өтініштерге жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz.

"Кешегі жазбамнан кейін бірқатар әншілер хабарласып, видеоны өшіруді сұрап жатыр. Мұқасан аға, араға адам салуды қойыңыз. Видеоны өшірмеймін, себебі жәбірленушінің алдында жауапкершілігім бар. Ең дұрысы – Ғалымжанға хабарласып, кешірім сұраңыз. Әйтпесе, жағдайыңыз қиындап кетуі мүмкін. Біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз", – деді Жан Ахмадиев.

Еске салайық, кеше «Нұр-Мұқасан» тобының Ғалымжан есімді мүшесі өзін Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын мәлімдеген болатын.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz