Мәжіліс "Елбасы" орденін сақтап қалды: мемлекеттің наградалық саясатында не өзгерді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Өміріме қауіп төніп тұр": Ғалымжан Сүлеймен Мұқасан Шахзадаевқа қатысты шындықты айтты

"Өміріме қауіп төніп тұр": Ғалымжан Сүлеймен Мұқасан Шахзадаевқа қатысты шындықты айтты
ашық дереккөзден

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаев Ғалымжан Сүлейменді соққыға жықты деген дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда жәбірленушінің айтуынша, іс әлі күнге дейін сотқа жетпей, құзырлы органдар тарапынан созылып келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ғалымжан Сүлеймен бұл жағдайды белгілі бір тұлғалардың ықпалымен байланыстырады. Ол өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.

Жәбірленушінің сөзінше, жақында оны көшеде екі жігіт ұстап алып, қорқытқан.

"Тіпті көлігімнің дөңгелектерін босатып кеткен жағдайлар да болды. Қазір өз өмірім үшін қатты қорқамын", – дейді Ғалымжан.

Ол бұл әрекеттердің артында белгілі бір топтардың мүддесі болуы мүмкін екенін меңзеді. Жәбірленуші істің әділ тергеліп, сотқа жеткізілуін талап етіп отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер