Bloomberg: Қара теңіздегі жағдай Қазақстанның мұнай экспортына кері әсер етті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Сүйкімсіз, өркөкірек”: Соттан кейін алғаш рет ел алдына шыққан Мұқасан Шахзадаевты халық қаралап тастады

“Сүйкімсіз, өркөкірек”: Соттан кейін алғаш рет ел алдына шыққан Мұқасан Шахзадаевты халық қаралап тастады
Коллаж ozgerisinfo.kz

Танымал әнші Мұқасан Шахзадаев сот процесінен кейін алғаш рет көпшілік арасында көрінді. Өнер иесі жұбайымен бірге Мирас пен Құралай есімді жандардың қызының ұзату тойына қатысқан, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әншінің той қонақтарының қатарында жүргені байқалады. Жазба авторлары оны «Жұлдызды қонақ» деп атап, кадрларды оқырман назарына ұсынған.

Бұл Мұқасан Шахзадаевтың соңғы уақытта көпшілік алдына сирек шығуына байланысты желі қолданушыларының назарын аударды. Бұған дейін әншінің аты сот процесіне байланысты ақпараттарда аталған болатын.

Алайда видеоны көрген желі қолданушыларының реакциясы біркелкі болмады. Бірқатар оқырман әншінің тойға қатысқанын сынға алып, оған қатысты жағымсыз пікірлер жазды.

«Дым болмағандай жүр ғой», «Жек көріп кеттім», «Ұялмайды екен», «Сүйкімсіз», «Өркөкірек», – деген пікірлер қалдырғандар болды.

Кейбір қолданушылар бұдан да ауыр сөздер жазып, әншіге деген наразылығын ашық білдірген.

Айта кетейік, Мұқасан Шахзадаев бұған дейін «Нұр-Мұқасан» тобымен бірге өнер көрсеткен. Соңғы жылдары оның есімі шығармашылығымен қатар, сот және құқықтық мәселелерге қатысты жаңалықтарда да аталып жүр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.