Шоу-бизнес

«Мұқасан Шахзадаев қашып жүр, табылмай жатыр»: Инга Иманбай мәлімдеме жасады

«Мұқасан Шахзадаев қашып жүр, табылмай жатыр»:  Инга Иманбай мәлімдеме жасады
Коллаж: turkystan.kz

Танымал әнші әрі актер Ғалымжанға жасалған шабуылға қатысты оның қорғаушысы, заңгер Инга Иманбай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz.

Инга Иманбайдың мәліметінше, ол аяусыз таяқтың астына алған Мұқасан Шахзадаев тарапынан зардап шеккен азамат — көпшілікке белгілі әнші және актер Ғалымжанмен кездескен. Оның жағдайы қазіргі таңда өте ауыр екен.

Заңгердің сөзінше, дәрігерлер Ғалымжанның қолының сынғанын, сондай-ақ мұрнының сынуы мен бетінің қатты көгеріп, ісінгенін растаған. Жақын күндері оған жарақат салдарынан күрделі мұрын операциясы жасалатыны айтылды.

Инга Иманбай бұл жағдайды жай ғана денсаулыққа келтірілген зиян емес, адамның өміріне, кәсібіне және шығармашылық жұмысына төнген үлкен қатер деп бағалады.

Адвокаттың айтуынша, қазіргі уақытта Ғалымжан түсірілім үстінде жүрген фильмнің жұмысы толық тоқтап қалған. Жарақат салдарынан оның камера алдында жұмыс істеуі мүмкін болмай отыр, ал бұл тұтас бір 40 адамдық түсірілім тобының жұмысын тежеген. Адвокат бұны “нағыз масқара жағдай” деп атады.

Одан бөлек, ол мәдениет саласы өкілдерінің өз әріптесін жабылып ұрып, есінен тандырғанын ең сорақы оқиға деп атап, мұны өнер адамдарына ғана емес, тұтас қоғамға бағытталған “жабайылық, адамшылықтан безген әрекет” деп сипаттады.

Инга Иманбай полицияның қазіргі ұстанымына да наразы: тәртіп сақшылары әлі күнге дейін «Мұқасан Шахзадаев қашып жүр, табылмай жатыр» деген мәлімдеме жасауда. Адвокат мұндайға сену қиын екенін айтады.

Сонымен қатар, ол:

“Біз – мен, заңгер Инга Иманбай, Жан Ахмадиев және біздің команда – бұл істі соңына дейін жеткіземіз.
Атаққа да, беделге де, таныс-тамырға да қарамай, әділ жаза қолданылуы үшін бар күшімізді саламыз", - деді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz