Танымал актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында Ораза кезінде бастан өткерген қиындықтары туралы жазды, деп хабарлайды Sn.kz.
Өнер иесі жаз мезгілінде, шілде айына түскен Оразаны еске алып, түсірілім алаңында қатты қиналған сәтін баяндады.
"Ораза шілдеге түскен уақыт есіңізде ме? Түсірілімде жүріп, аузымның құрғағаны сонша, бір сөзді он рет қайталап барып әрең айтқанмын. "Мектеп" деудің орнына қайта-қайта "тектеп" деп жаңылып кетемін. Сол сәт әлі есімде…" – деп жазды актер.