ІІМ "Қазақмыс" нысандарындағы ұрлық схемаларының жолын кесуде
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бір құттықтау қағазы 5 мың”: Дәулет Мұқаев әйелін парламент атынан құттықтауына байланысты пікір білдірді

“Бір құттықтау қағазы 5 мың”: Дәулет Мұқаев әйелін парламент атынан құттықтауына байланысты пікір білдірді
Фото: видеодан скриншот

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайын парламент атынан құттықтағаны үшін қоғамда туған сынға жауап берді. Оның айтуынша, бұл әрекеттің негізгі мақсаты – әйелге құрмет көрсету мәдениетін насихаттау, деп хабарлайды kznews.kz.

Депутат қазіргі қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі жиі көтеріліп жатқанын айтып, ер азаматтар жақындарын тірісінде бағалап, сый-құрметін ашық білдіруі керек деген пікірін жеткізді.

«Басты мақсат – барымызды бағалай білу, қадірлеу, тірісінде құрметтеу. Қазір әйелдерге түрлі зорлық-зомбылықтар жасалып жатыр. Ер азаматтар әйелдерді құрметтеп, сол құрметін көрсетіп жүрсе деген ой болды», – деді ол.

Журналистің «Мұны басқа жолмен жасауға болмас па еді?» деген сауалына Мұқаев өз әрекетінен ешқандай оғаштық көрмейтінін айтты.

«Сіз солай қабылдауыңыз мүмкін. Бірақ менің және көп адамның көзқарасы бойынша мұнда оғаш ештеңе жоқ», – деді депутат.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның жұбайы Лаураны парламент атынан құттықтаған видеосы кең тараған болатын. Мәжіліс депутаты мұндай ресми құттықтаулардың ақылы негізде жасалатынын түсіндірді.

«Парламенттегі ресми құттықтауларды өзіміз сатып аламыз. Бір қағазы 5 мың теңге тұрады. Лаура 30 жасқа толғанда осындай құттықтау алғысы келетінін айтқан. Содан бері “гештальты” жабылмай жүрді», – деді ол.

Сондай-ақ депутат парламенттің 1 шілдеде тарауы мүмкін екенін айтып, қолында мүмкіндік тұрғанда жұбайының тілегін орындағанын жеткізді.

Кейін Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде жарына арнап жеке жазба жариялап, 11 жылдық отбасылық өмірі туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.