Қайғылы жағдайды қалалық полиция департаменті растады. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім алып жатқан бірінші курс студенті көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, студенттің өліміне қатысты істің мән-жайы анықталуда. Алайда тергеу құпиясына байланысты әзірге оқиғаның егжей-тегжейі жарияланған жоқ.
«Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді», – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда студенттің неден көз жұмғаны және қайғылы оқиғаның қалай болғаны туралы ресми ақпарат берілген жоқ. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша мәлімет жариялануы мүмкін.