ка

Білім министрлігі баланың қандай жағдайда 0-сыныпқа бара алмайтынын түсіндірді

19.02.2019 16:15
0
2

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

2020 жылы елдегі барлық мектеп мен балабақшада 0-сыныптар ашылады

АСТАНА, 19 ақпан - Sputnik. Білім және ғылым министрлігі 0-сыныпқа балаларды қабылдау ережесіне енгізілген өзгерістерді түсіндірді.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні барынша қарапайым.  Мақсат - балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігі (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысатын болады. Сондай-ақ, тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу көзделген.

"0-сыныптың мәні - балабақшалардағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу. Бүгінде 0-сынып дегеніміз- балабақшадағы даярлық тобы. Егер мектептің өз ғимаратында 0-сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. Балабақшаларды да мұндай құқықтан ешкім айырған жоқ", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектеп мен балабақшада 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Бұл нормаға  өзгеріс енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Министр балабақша тәрбиешілерінің жалақысы қалай өсетінін айтты

"2019 жылы, былтырғы жылғыдай, 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ егер бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы тиіс екендігін ескеруіміз қажет", - дейді министрліктегілер.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий