«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Білім күні жан сүйсінткен фотодағы баланың кім екені белгілі болды

Білім күні жан сүйсінткен фотодағы баланың кім екені белгілі болды

Балақайдың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі.


Білім күні елге танымал болған баланың кім екенін белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында тұрады екен.

Бұл туралы Facebook-те  журналист Нұрлыбек Рахманов хабарлады.

Кешегі Білім күнінің ең танымал суреті БҚО-ның Қазталов ауданындағы Қараөзен ауылында түсірілген екен.

Баланың есімі – Жанасыл. Жасы төртте. Алты баланың ең кішісі.

Ол салтанатты шараға ағасымен бірге барған екен.

«Өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз», - депті анасы Бақытгүл Жақыпова, – деп жазды ол.

Білім күні Жанасылдың фотосуреті елге тарап, жан сүйсіткен жақсы фото болды.


Автор
Данияр