Қоғам

Білім күні адам өлімімен аяқталды: Таразда жасөспірім мектеп оқушысын пышақтап кетті

Білім күні адам өлімімен аяқталды: Таразда жасөспірім мектеп оқушысын пышақтап кетті

Тараздағы шағынаудандардың бірінде жасөспірімдер сөзге келіп қалып, бірі екіншісін пышақтап өлтірді. Полиция “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шағынаудандардағы үй ауласынан пышақ жарақатынан қансырап жатқан 14 жастағы мектеп оқушысы табылды. Оны байқаған куәгерлер жедел жәрдем шақырған. “Бала тірі болған еді” дейді олар. Алайда жедел жәрдем қызметкерлері баланың жан тапсырғанын айтты.

Тәртіп сақшылары оқушыны жаралаған күдіктіні ізін суытпай тауып алды. Күдікті 15 жастағы тау-кен технологиялық колледжінің студенті болып шықты. Жасөпірімдерді нені бөлісе алмағаны тергеу кезінде анықталмақ. Екеуінің де Білім күніне арналған жиынға қатысқаны белгілі болды. 

Полиция “Адам өлтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

“Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу-жедел шаралары жүргізілуде”, – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz