Саясат

"Биліктің бастауы – халық": Ата Заң Тәуелсіздік жылдары қалай өзгерді

KZNEWS KZNEWS
"Биліктің бастауы – халық": Ата Заң Тәуелсіздік жылдары қалай өзгерді

ҚР Конституциясы күні – қазақстандықтар үшін қоғамдық-саяси әрі тарихи маңызы зор атаулы күн. Осы орайда ел егемендігінің символы саналатын Ата Заң – Конституцияның тарихы жайлы көпшілік біле бермейді. KAZ.NUR.KZ тілшісі айтулы күнге орай Конституция күні жайлы қызықты деректерді жинап, назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.


  • Қазақстанда Конституция тұңғыш рет 1924 жылы және одан кейін 1937, 1978, 1993, 1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды.

  • Тәуелсіз Қазақстан тарихында Ата Заң алғаш рет 1993 жылы қабылданды

  • Ал 1995 жылы оған тиісті өзгертулер енгізіліп, ол егеменді Қазақстан тарихындағы ең жас құжаттардың біріне айналды. Осылайша биыл Конституцияның бұл нұсқасына 27 жыл толып отыр.

  • Конституцияның алғашқы нұсқаларын әзірлеуде белгілі академиктер, профессорлар мен заңгерлер қатысты.

  • Қазақстан халқы Конституция күнін жыл сайын 30 тамызда атап өтеді. Себебі 1995 жылдың 30-тамызында Конституция бүкілхалықтың референдумда қабылданған болатын. Сол күннен бастап бұл күн мемлекеттік мереке ретінде атап өтіледі.

  • Одан кейінгі жылдары да Конституцияға бірнеше мәрте өзгертулер енгізілген болатын. Алайда биылғы жылы маусым айының 5-інде өткен референдумда халық тарапынан Конституцияға енгізілетін өзгерістер талқыланып, қабылданған еді. Осылайша Орталық сайлау комиссиясының нәтижесі бойынша, халықтың 77%-ы Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізуді қолдайтыны анықталды.

  • Конституциядағы жаңа өзгертулер азаматтардың ел басқарудағы құқығын арттырып, азаматтық құқықты қорғауды күшейтуді көздейді. Сондай-ақ жаңа өзгертулер бойынша ҚР Парламентінің ролі артып, суперпрезиденттік басқарудан президенттік республикаға өтеді.

  • Конституцияның 3-бабы 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екені жазылған. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану – халық суверенитетінің көрінісі.


Биыл ел азаматтары үшін демалыс күні 27-ші тамыздан 29-ына ауысып, қазақстандықтар қатарынан үш күн 28-і, 29-ы және 30-шы тамызда демалады. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz