Тиісті Жарлыққа 24 қарашада қол қойылды. Құжатқа сәйкес, бұған дейін ұлттық комиссияны басқарған Аида Балаеваның орнына "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Бибігүл Жексенбай келді.
Жаңартылған құрамға сәйкес, комиссия төрағасының орынбасарлары қызметін екі адам атқарады. Олар – Құрылтай депутаты, Қазақстандағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева және кәсіпкер, Астана қаласы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Назгүл Мақжанова. Ал комиссия хатшысы болып гендерлік және отбасылық саясат саласының сарапшысы Гаухар Нұрахметова белгіленді.
Президент Жарлығына сәйкес, комиссия құрамына мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, кәсіпкерлер, журналистер, дәрігерлер, психологтер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілді. Жаңартылған құрамда түрлі сала мамандарының болуы әйелдер құқығы, отбасы институты және демографиялық саясатқа қатысты мәселелерді жан-жақты қарастыруға бағытталған.
Ұлттық комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып саналады. Оның қызметі әйелдер мен отбасы мәселелеріне қатысты мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған.