Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Безбүйрек басшылар” - Тоқтар Серіков дүниеден озған інісі туралы айтты

“Безбүйрек басшылар” - Тоқтар Серіков дүниеден озған інісі туралы айтты

Белгілі әнші Тоқтар Серіков ауыр дерттен көз жұмған 9 жастағы бауырына арнап жазба жариялады.

«Менің аяулы анам және сүйікті шөбересі – Мырзәлі. Әжесі қайтқан жаққа шөбересі де қайтты. Осылай жазу қандай ауыр десеңші?! Алтыным, ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді. Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу, арашалап алып қалмау өкініш болып тұр, ботақаным! Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар, біз секілді шырылдаған ата аналар әлі жетеді. Қайырымы жоқ қоғам, безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін?! Балапаным, қош бол! Сенің дертіңе шипа таппадық. Қорғап қала алмадық. Кешір бізді. Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғамда тудың. Раббың қабыл алып, әжеңе жеткен шығарсың, құлыным! Әжеңе бәрін айт! Әжеңмен қорқытушы едің ғой. Әжеңе «қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқ» де. Алтыным, балапаным, мәңгілік мекенің жәннәт болсын!», – деп жазды әнші.

фото: ашықдереккөз
Автор
Данияр