KZNews.kz
Қоғам

"Бетперде таққан адам” атымен танымал блогер Бішкектен келген ерлі-зайыптылардың емін төлеп берді

KZNEWS

"Бетперде таққан адам” атымен танымал блогер Бішкектен келген ерлі-зайыптылардың емін төлеп берді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Оралдық блогер ерлі-зайыптылардың емін және қажылыққа бару ақысын төледі. Сонымен қатар отбасына пәтер мен көлік сатып алып берді.

Бішкектен келген ерлі-зайыптылардың екеуі де I топтағы мүгедек. Олар екі кішкентай қыз тәрбиелеп отырған ата-ана.

Еске салсақ, Stan.kz ақпарат агенттігі ұйымдастырған сауалнамада бетперде таққан адам "Жыл адамы 2023" мәртебесіне ие болған еді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары