KZNews.kz
Қоғам

«Бетінің сол жағы қозғалмайды»: Астанада лифтіде бетін тілгілеп тастаған 5 жасар баланың анасы халықтан көмек сұрады

Торғын Абушахман

Астанада лифтіде жасөспірім бетін тілгілеп тастаған 5 жасар баланың анасы халықтан көмек сұрады, деп хабарлайды Kznews.kz.

Бүлдіршіннің анасы баласына сол жақ бет жүйкесінің жарақаттан кейінгі нейропатиясы деген диагноз қойылғанын айтты. Жарақат салдарынан бес жасар баланың сол жақ беті қозғалмай қалған. Жиналған қаражат балақайдың еміне жұмсалмақ.

Айта кетейік, Астанада жасөспірім лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастағаны хабарланған болатын.

Бірер күн бұрын шабуыл жасаған жасөспірімнің соты өтіп, оған қатысты шешім қабылданған.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →