KZNews.kz
Қоғам

Бестеректе алты баланы басып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады

Ayzhan Sylanova
Фото: видеодан скриншот

Оқиға салдарынан үш бала көз жұмып, тағы үшеуі ауыр жарақат алды. Зардап шеккендер дереу аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазір Абай облыстық балалар ауруханасында жатқан бір қызға күрделі операциялар жасалды. Дәрігерлер оның өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлады. Ал санавиация арқылы Астанаға жеткізілген екі бала әлі де жансақтау бөлімінде.

Полиция жүргізушіні екі айға қамауға алды. Осы уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс сотта қаралады.

Куәгерлердің айтуынша, көлікті басқарған ер адам оқиға кезінде жұбайымен бірге болған. Дереккөздер оның жүрек талмасына ұшырағанын жеткізді. Жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлы бұл жайтты растады.

«Көлікте келе жатқанда жүрек талмасы ұстап, рөлге ие бола алмады. Қас-қағым сәтте бәрі болып кетті. Қаза тапқан балалардың жақындарынан кешірім сұраймыз. Мұндай сынақты ешкімнің басына бермесін», – деді ол «Информбюро» тілшілеріне берген сұхбатында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары