Жергілікті бюджеттің жиынтық үлесі: әкімдерді мақтауға әлі ерте
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бесікарбадан екі жасар қыздың мәйіті табылды

Бесікарбадан екі жасар қыздың мәйіті табылды
Фото: stolicaonego.ru

Дағыстан Республикасының Дербент қаласында екі жасар қыздың мәйіті бесікарбадан табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, бала аштық пен ағзаның қатты әлсіреуінен көз жұмған болуы мүмкін. Оқиға Агасиев даңғылында, «Северный» автовокзалы маңында болған. Құқық қорғау органдары жергілікті тұрғынды құжат тексеру үшін тоқтатқан кезде, бесікарбаның ішінде қозғалыссыз жатқан баланы байқаған.

Республикалық Тергеу комитеті қыздың анасы ұсталғанын және қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар отбасының әлеуметтік жағдайын және оқиғаның барлық мән-жайын тексеруде. Сараптама қорытындысынан кейін құқықтық баға беріледі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.