Президентінің баспасөз-хатшысы қызметіне Құрманғали Берік Уәлиұлы тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Stan.kz.
"Берік Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалсын",-делінген жарлық мәтінінде.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Айдос Үкібай басқа жұмысқа ауыстырылды.
Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылы Семей облысында дүниеге келген.
Қызмет жолы:
-1997 жылы "Таң" телекомпаниясында "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының тілшісі;
- "НТК" телеарнасындағы "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының редакторы;
- 2000-2007 жылдары жауапты редактор, бас редактор, "31-ші арнадағы" Информбюро "ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі ;
- 2009-2012жылдары "Нұр Медиа" сыбайлас-жемқорлыққа қарсы медиа орталығының басшысы;
-10.2012-08.2015 жылдары Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы;
-08.2015 бастап "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі;
- 2016 жылдан бастап министрдің кеңесшісі, ҚР ИДМ ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры;
- 06.2018 жылдан бері Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы;
- 03.2019 жылы ҚР президентінің баспасөз хатшысы.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz