"Ұлттық қор – балаларға": жинақ ақша қайда жұмсалып жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлеймен қайтыс болды

Белгілі спорт журналисі Ғалым Сүлеймен қайтыс болды
Фото: ашық дереккөздерден

Еліміздің спорт журналистикасы ауыр қазаға ұшырады. Танымал спорт журналисі әрі комментатор Ғалым Сүлеймен 51 жасында дүниеден өтті.

Жүрегі сыр берген журналист Алматы қаласындағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне шұғыл жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Ғалым Қамашұлы Сүлеймен 1975 жылы 28 сәуірде қазіргі Жетісу облысының Сарқан ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған.

1996–2004 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінде спорт шолушысы болып еңбек етті. 2004 жылдан бастап "Спорт KZ газетінің бас редакторы қызметін атқарды. Кейінгі жылдары "Айқын" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде жұмыс істеді.

Әріптесіміз журналистикадағы еңбегі үшін Қазақстан Президентінің стипендиясына ие болған. Сондай-ақ, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.