Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі қазақ әншісі президент Тоқаевты үстел теннисінен сайысқа шақырды

Белгілі қазақ әншісі президент Тоқаевты үстел теннисінен сайысқа шақырды
kznews.kz коллажы

The Limba лақап атымен танымал қазақстандық әнші Мұхамедәлі Ахметжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ұсыныс жасады. Өнер иесі Президентті үстел теннисінен достық кездесу өткізуге шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, әнші бұл ұсынысын Instagram желісінде жариялаған креативті бейнеролик арқылы жеткізген. Жасанды интеллект көмегімен әзірленген видеода Қасым-Жомарт Тоқаев компьютерлік ойындағы ешкім жеңе алмайтын "соңғы қарсылас" ретінде көрсетілген.

Бейнероликте Президент үстел теннисінен жоғары шеберлік танытып, мықты ойыншы ретінде бейнеленеді.

The Limba Мемлекет басшысының бұл спорт түріндегі тәжірибесінен хабардар екенін айтып, онымен бір партия ойнауды бұрыннан армандайтынын жеткізді.

"Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің спорттық жолыңызды жақсы білемін. Сіз үстел теннисінен спорт шеберлігіне кандидатсыз. Сізбен бір партия ойнауды көптен бері армандаймын. Қазір өз деңгейім сізге лайықты қарсылық көрсетуге жетеді деп сенемін", – деді әнші.

Ол жазбасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстел теннисі үстелінің жанында түскен суретін де қоса жариялаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисімен ұзақ жылдар бойы айналысып келеді. Ол Қазақстан үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған және осы спорт түрінен спорт шеберлігіне кандидат атағына ие.

Мемлекет басшысы бұған дейін ресми кездесулер кезінде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен және Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен де үстел теннисін ойнаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер