1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі айтыскер ақын жолдасымен бірге жол апатынан қаза тапты

Белгілі айтыскер ақын жолдасымен бірге жол апатынан қаза тапты
Фото: Марғұлан Оспановтың жеке архивінен

Астана – Қостанай тасжолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов көз жұмды. Қайғылы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға Атбасар мен Есіл қалаларының арасындағы жолда болған. Мәліметке сәйкес, Салтанат Өтелбаева мен жолдасы қызының мектеп бітіру салтанатына қатысу үшін жолға шыққан. Олар Астанадан таңғы сағат 04:00 шамасында аттанған. Сол күні қызы Алтынай мектепті үздік аяқтап, қызыл аттестат алуы тиіс болған.

"Суық хабарды жеткізуге мәжбүрмін. Жалған өмір-ай, десейші! Бүгін айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі, тарих ғылымдарының магистрі, Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары Салтанат Өтелбаева жол апатына түсіп жұбайы Мырзабек Қасымов екеуі де қаза тапты. Жалғыз ұлы Нұрсұлтан таңғы 9-да "аға, ата-анамнан айрылып қалдым" деп хабарласты. Бүгін қызы Алтынайдың мектепті үздік бітіріп, қызыл аттестатын алатын күні еді. Үлгіремін деп асықты ма екен, Астанадан таңғы 4-те жолға шығып кетіпті. Атбасар мен Есілдің ортасында жол апаты орын алды. Әріптестері арасында зор құрметке ие болған Салтанат Амантайқызы ашық көңілді, мейірімді әрі парасатты жан еді. Оның адал еңбегі, туған елге деген сүйіспеншілігі мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға өнеге болып қала береді. Отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Балаларына Құдай өмір берсін. Салтанат досымның жаны жәннатта, иманы саламат болсын", – деп жазды Марғұлан Оспанов.

Салтанат Өтелбаева ұзақ жылдар бойы мәдениет пен музей ісіне қызмет етіп, тарихи-мәдени мұраны сақтау және насихаттау бағытында еңбек етті. Ол Ыбырай Алтынсарин музейі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Әріптестері оның кәсібилігін, жауапкершілігін және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалаған.

Салтанат Өтелбаеваның жетекшілігімен музейде көптеген ғылыми-зерттеу жобалары, көрмелер мен мәдени бастамалар жүзеге асырылды. Әріптестерінің айтуынша, ол ашық мінезді, мейірімді әрі парасатты жан ретінде ел есінде қалады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі