Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты
Shutterstock

Түркістан облысының Бәйдібек ауданында жеті адамның өмірін қиған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға Шаян–Екпінді автожолында түнгі уақытта болған. Алдын ала ақпарат бойынша, Toyota Camry мен Volkswagen Passat жеңіл автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеті адам оқиға орнында қаза тапқан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының себептері мен барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу аяқталғаннан кейін заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдықты асырмауды және жол мен ауа райы жағдайына сай көлік басқаруды ескертті. Сондай-ақ жолда аса сақ болып, қауіпсіздік талаптарын назардан тыс қалдырмауға шақырды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі