1 шілдеден бастап аулаларға көлік қоюға тыйым салынатыны рас па?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бектенов «ҚТЖ» басшысының жоспардан қалып келе жатқанын айтып, сынады

Бектенов «ҚТЖ» басшысының жоспардан қалып келе жатқанын айтып, сынады
Фото: ҚР Үкіметі

«Қазақстан темір жолы» транзиттің көлемі бойынша 30 пайызға артта келеді

Бүгін үкімет отырысында премьер-министрі Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» компаниясы транзиттік тасымал көлемі бойынша артта келе жатқанын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Премьер-министр «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің «әдемі» баяндамасын тыңдағаннан кейін оған сұрақ қойып, әрі ескерту жасады.

«Сіздің алдыңызда транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға жеткізу мақсаты тұр. Алайда, жоспардан 30 пайызға артта қалып келесіздер. «Қазақстан темір жолы» 23 млн тоннаның орнына небары 16 млн тонна тасымалдаған. Сондықтан, бұл мақсатты орындау сіздің жеке жауапкершілігіңізде», - деді Бектенов.

Премьердің сынына «ҚТЖ» басшысы «қабылданды» деп қысқа жауап берді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.