Бәрекелді, БЖЗҚ: зейнетақы активтері 28,5 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбедегі дәмханадағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы туралы не белгілі?

Ақтөбедегі дәмханадағы жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы туралы не белгілі?
фото: ашық дереккөз

Дәмханадағы жарылыс салдарынан зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты, олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан дәмханадағы жаралыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Ресми мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Айта кетейік, 13 қарашада Тәуелсіздік, 14/1 мекенжайындағы үйдің дәмханасында газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан жапсарлас құрылыс құлап, артынан өрт шықты, сондай-ақ тұрғын үйдің терезе конструкциялары зақымдалған.
"Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері мен құралдары жетті. Сағат 10:53-те өрт толықтай сөндірілді", - деп хабарлады бұған дейін ТЖ департаменті.

Бұған дейін желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тараған болатын: ғимарат үстінен көтерілген түтіннің алыстан байқалғанын көруге болады.

Оқиға орнына көптеген жедел жәрдем көлігі жиналды. Сондай-ақ кадрлардан ғимарат жанында тұрған, бүлінген жеңіл көлікті көруге болады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.