KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бекшин алматылық жас-жұбайларға үйлену тойларын кейінге шегеруге кеңес берді - Қазақстан жаңалықтары

Данияр

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарынан коронавирус пандемиясына байланысты үйлену тойларын кейінге шегеруді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жандарбек Бекшинмен өткен онлайн-брифингте журналистер "той маусымы" басталуына орай іс-шараларда қонақтардың саны бойынша қандай шектек болатынын сұрады.

"Коронавирус жұқтыру төмендегенге дейін біз қашықтықтағы қағидатты ұстанамыз. Біз түрлі бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде мерейтойлар, үйлену тойларына тыйым салынуын бақылауда ұстаймыз. Әрине, біз болашақ жас жұбайлардан әрбір отбасы үшін өте маңызды осындай іс-шараны кейінге қалдыруды сұраймыз", - деп жауап берді Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері. 


stan.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →