Танымал әнші Роза Әлқожа 2018 жылы жасаған жеке ән кешінде ерекше бір тосынсый жасаған еді, деп хабарлайды kznews.kz.
Аталмыш концертте ол өзінің тыңдарманы, қолдаушысы Асанәлі Әшімовке әсем әнін арнап, бүкіл халық алдында орындап берген еді.
"Қазір бір тосынсый жасағым кеп тұр. Қазақтың әр қызы Төлегенді аңсап, ән жазады. Бірақ Бекежанға ән арнаған қыз жоқ екен. Ортамызда менің концертімне ылғи келіп, өзінің роза гүлін ұсынып, жеңгемізбен бірге қолдап жүретін, тілектес боп жүретін менің адал тыңдарманым, қазақ киносының корифейі Асанәлі Әшімов ағамыз отыр. Асанәлі аға, ылғи мені қуантып жүресіз. Енді тыңдаушыма да бір ән жазу керек деп ойладым. Осыдан 7 күн бұрын Әнуар Молдабеков атындағы театр фестивалінде Асанәлі ағамыз: "Мен талай жақсылармен, жайсаңдармен жүрдім. Бірақ солардың өмірден өтіп кеткеннен кейін неге құшағына кіріп еркелеп алмадым екен? Неге сұхбаттаспадым екен? Неге сырласпадым екен? Неге сол мейірімін көрмедім деп өкіндім. Өмір өтеді де кетеді", – деп сөйлеген кезіңізде бір ән туып еді. Қабыл алғайсыз", – деді Роза Әлқожа.
Кейіннен осы "Асанәлі" деп аталатын әнін шырқап берді. Әнді төмендегі сілтемеден тыңдай аласыздар.