Алматылықтардың үрейін алған "қайыршы" жасөспірімдерді полиция ұстады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бейсен Құранбектің әкесі өмірден озды

Бейсен Құранбектің әкесі өмірден озды

Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды. Қайғылы хабарды тележүргізушінің дос-жарандары, әріптестері хабарлап жатыр. Қаралы хабарды марқұмның жақындары растады.


Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты.

baq.kz

Автор
Данияр