ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Батыс Путин айналасындағылар жайлы "жалған мәлімет" дайындап жатыр

Батыс Путин айналасындағылар жайлы "жалған мәлімет" дайындап жатыр

"РИА Новости" ресейлік мемлекеттік ақпарат агенттігі "әскери-дипломатиялық дереккөзіне" сүйене отырып, америкалық және британдық арнайы қызмет өкілдерінің Ресей президенті Владимир Путин айналасындағылар мен қорғаныс министрлігінің басшылығы жайлы "жалған ақпарат" әзірлеп жатқанын хабарлады. Агенттіктің жазуынша, бұл ақпарат Ресейге жаңа санкция салуға түрткі болуы мүмкін.

Агенттіктің хабарлауынша, америкалық және британдық арнайы қызмет өкілдері Ресей басшылары жайлы алдағы уақытта атақты "Панамагейтке" (2016 жылғы панамалық Mossack Fonseca компаниясының мәліметтері) пара-пар "жалған ақпарат" таратады. Агенттіктің тұжырымдауынша, бұл "жалған ақпарат" жұртқа "Жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу бойынша жоба" (OCCRP), Джордж Сорос және Уильям Браудер құрылымдары, "Свобода" және "Настоящее время" жобалары арқылы таныстырылады. Бірақ мұнысына ешқандай дәлел келтірмеген. Дереккөзі Путиннің төңірегіндегі адамдар жайлы ақпарат жариялауды "Ресейдің ішкі ісіне араласу" деп бағалаған.

2016 жылы наурыз айында да шетел басылымдарының Путин айналасындағы адамдар жайлы "тапсырыс мақалалар" әзірлеп жатқанын президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлаған. Оның мәлімдемесінен кейін офшор компаниялар жайлы "Панама құжаттары" жарық көрді. Онда Ресей президентінің айналасындағы ауқатты адамдардың аты аталған еді.


Azattyq
Автор
Әлихан