Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Батасын беріп, ақылын айтты": Тұрсынбек Қабатов танымал топқа өз әнін сыйға тартты (ВИДЕО)

"Батасын беріп, ақылын айтты": Тұрсынбек Қабатов танымал топқа өз әнін сыйға тартты (ВИДЕО)
әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов

Оралдық "У-шу" музыкалық тобы әлеуметтік желіде жаңа бейнежазба жариялап, жұрт назарын өзіне аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Топ өкілдерінің айтуынша, белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов олармен кездесіп, ақ батасын беріп, тіпті өз әнін де сыйға тартқан.

"Тұрсынбек ағамыз батасын беріп, ақылын айтып, өз әнін сыйға тартты. Әнді келесі reels-тан көресіздер. Абыроймен айтып шығу бұйырсын", – делінген топтың желідегі парақшасында.

Видео TikTok-та да таралып, қызу талқыланып жатыр. Пікір жазғандардың көпшілігі Тұрсынбек Қабатовтың өнерін жоғары бағалап, өз қолдау білдіріп жатыр.

"Тұрсынбек – таза талант, аман жүрсін", "Өнерін өмірімен шатастырмаңыздар", "Талантты азамат, жолы болсын", – деп жазды желі қолданушылары.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер