Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен ақын Жүрсін Ерман мен әнші Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты бейнежазбаға пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесі Жүрсін Ерманның қазақ мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегін атап өтіп, көпшілікті оқиғаның мән-жайын толық білмей тұрып біржақты баға бермеуге шақырды.
"Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?" – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесу сәті түсірілген видео тараған еді. Бейнежазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызып, қызу талқыланған.