"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Басымды қабырғаға соғып, қылқындырды": Екібастұзда қызды бұрынғы жігіті бір сағаттан астам уақыт ұрып-соққан

"Басымды қабырғаға соғып, қылқындырды": Екібастұзда қызды бұрынғы жігіті бір сағаттан астам уақыт ұрып-соққан

Екібастұз тұрғыны 18 шілде күні бұрынғы жігітінің өзін аяусыз соққыға жыққанын айтты. Алайда құқық қорғау органдары дер кезінде әрекет етпеді деп шағымданды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жәбірленуші қастандық жасаған жігіттің өзін бір сағаттан астам уақыт азаптап, қорлағанны айтты.

“Оның әрекеттері салдарынан мен өміріме және денсаулығыма қауіп төндіретін дене жарақаттарын алдым. Басымды қабырға мен еденге ұрып, тепкінің астына алды, қылқындырды, сондай-ақ мәжбүрлеп белгісіз ақ ұнтақ пен дәрі ішкізді. Бұл – менің өміріме қасақана жасалған қастандық. Шабуылдан кейін қажетті тергеу әрекеттері уақтылы жүргізілмеді: оқиға орны қоршалып, сүргі соғылмады. Бұл дәлелдердің жойылып кетуіне себеп болған болуы мүмкін”, – дейді қыз.

Оның айтуынша, полиция өзі ісіне салғырттық танытқан.

“Қылмыс іздерін қарау және тіркеу жүргізілмеді, атап айтқанда: қан іздері, мені ұрған заттар (шанышқылар, пышақтар), менің аузыма мәжбүрлеп салған ақ түсті зат пен дәрілер, өмірім үшін күрескенімді көрсететін іздер, бөлме ішіндегі зақымдар тіркелмеді. Полиция қызметкерлерінің оқиға орнын тіркеу барысында жіберген салғырттық әрекеттеріне құқықтық баға беріп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды сұраймын", – деп жазды жәбірленуші.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.