Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Басқа отбасым бар деп сәлем жолдады": Олжас Абайдың әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)

"Басқа отбасым бар деп сәлем жолдады": Олжас Абайдың әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде актер Олжас Абайдың экс-әйелі Аймира Аманның сұхбаты қызу талқыға түсті. Әнші Hit TV арнасының "Менің өмірім" бағдарламасына қатысып, жеке өміріндегі қиын кезең туралы алғаш рет ашық әңгімеледі, деп хабарлайды kznews.kz.

Аймираның айтуынша, олардың отбасылық өмірі сәтсіз аяқталғанымен, ол ешкімді кінәламайды.

"Кінә ешқашан бір жақты болмайды. Ешкімді айыптамаймын. Біз отбасымызды сақтап қала алмадық. Меніңше, ажырасу – дұрыс шешім болды. Бір сөзбен айтқанда, Олжас екеуіміздің тағдырымыз сәйкес келмеді", – дейді әнші.

Аймираның айтуынша, ажырасуға ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік пен тұрмыстық қиындықтар себеп болған. Ол бұрынғы күйеуінің отбасына көмектеспейтінін және балаларымен де байланыс орнатпайтынын жеткізді.

"Пәтерде тұрамын, Олжас көмектеспейді. Үй әперем деп айтқан, әпермеді. Балаларына келмейді. Құрбымнан "Аймира мені іздемесін, хабарласпасын. Себебі қазір менің өзімнің жеке өмірім бар, отбасым бар" деп сәлем айтыпты", – деді Олжас Абайдың бұрынғы әйелі. 

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер