Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Оқырмандар бала мектептегі баспалдақта қоршаудың болмауына байланысты құлап кетуі мүмкін деп болжайды. Алайда елордалық шенеуніктер бұл нұсқаны жоққа шығарады.
"№14 мектеп-гимназиясының оқушысы екінші қабатқа көтерілгенде баспалдақтан құлап кеткер. Баланың айтуынша, оны сыныптасы итеріп жіберген. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Бала қалалық балалар ауруханасында", - деді ведомстводан.
Сондай-ақ, баланың омаға түспегені, қазір оның жағдайы тұрақты деп бағаланатыны айтылды.
Оқиғаға байланысты білім басқармасы гимназия директорына қатысты шаралар қабылдау туралы мәселені қолға алмақ.
Ақпарат: https://t.me/orda_kz
фото: kstnews.kz
t.me/orda_kz