Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Башар Асадты қабылдамаған Путин Назарбаевпен кездесті

Башар Асадты қабылдамаған Путин Назарбаевпен кездесті

Қазақстанның экс-президенті 13 желтоқсан күні Ресей президенті Владимир Путин Ново-Огаревода кездесу өткізіп, сыртқы саясатты талқылады, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бұл туралы 14 желтоқсанда Кремльдің ресми сайтында хабарланды.

«Ново-Огаревода Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізді», – делінген хабарламада.

Известия мәліметінше, кездесу барысында талқыланған мәселелер туралы толық мәлімет берілмеген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтында бұл кездесу туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың 16 желтоқсанында экс-президент Назарбаев Мәскеуге барған. Кейіннен Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жабық кездесу өткізген болатын.

Ал 2022 жылы экс-президент Назарбаев президент Путинмен кездескен соң:

"Мен туралы көптеген БАҚ беттерінде жарияланған ақпараттарға келер болсақ, 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырдым. Содан бері мен зейнеткермін", - деп мәлімдеген.

Еске сала кетейік, Ресей президенті Владимир Путиннің ресми кестесінде Сирияның бұрынғы президентімен кездесу жоқ екені, сол себепті ол Башар Асадты қабылдамағаны хабарланған болатын.

Автор
Айбар