Қостанайда 8 жасар оқушы қыздан бүкіл мектеп зәбір көріп отыр. Қаладағы №3 мектеп-гимназияның екінші сынып оқушыларының ата-аналарының өтініштеріне мемлекеттік органдар да жауап бермеген, – деп хабарлады Kznews.kz Qostanay.TV-ге сілтеме жасап.
Жақында оқушы қыз сыныптасының басын жарған. Бұған дейін де полиция, жедел жәрдем араласып, мектеп қабырғасында және одан тыс жерлерде іс-шаралар өткізген, мектеп оқушысының мінез-құлқы бірнеше рет педагогикалық кеңестерде де талқыланған. Дегенмен нәтиже жоқ. Мәселен ол мектепке пышақ әкеліп, сыныптасын жарақаттаған. Одан бөлек, бірнеше рет сыныптастарының үсті-басын шимайлап, тіпті шалбарын шешіп, видеоға түсірмек болған
Оқушы қыз атасы мен әжесінің тәрбиесінде екен.
фото: zakon.kz"Олесяның өзі үшін біз де алаңдаймыз. Ол өзі де екінші қабаттың терезесінен секірмек болған, мектептен қашып кетеді. Мен оның үй-күйі жоқ адамдармен бірге отырғанын көрдім. Сынып жетекшісіне қоңырау шалдық, ол баланы алып кетті. Мектеп психологы қызбен жұмыс істеді, бірақ ешқандай өзгеріс болған жоқ", – дейді ата-аналардың бірі.