KZNews.kz
Қоғам

"Барыс" хоккей клубы жаңа бас бапкерін таныстырды

Torgyn Abushakhman

Астаналық "Барыс" клубы негізгі құрамның жаңа бас жаттықтырушысы тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Команданың тізгінін ресейлік маман Михаил Кравец ұстады. Келісімшарт 2026 жылдың 31 мамырына дейін жасалған, әрі ол бір маусымға ұзартылуы мүмкін.

Айта кетейік, 62 жастағы Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Бұған дейін ол ҚХЛ аясында "Витязь", "Амур", "Авангард" және "Куньлунь" клубтарында жұмыс істеген.

Ал өткен маусымдағы нәтижелердің көңіл көншітпеуіне байланысты Ғалым Мәмбетәлиевпен жасалған келісім тоқтатылды.

2025/2026 жылғы маусымда "Барыстың" жаттықтырушылар штабы мына құрамда жұмыс істейді:

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары