«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Барша алматылықтар үшін үлкен қайғы": Досаев "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқан Әселдің отбасына көңіл айтты

"Барша алматылықтар үшін үлкен қайғы": Досаев "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқан Әселдің отбасына көңіл айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқан Әселдің отбасы мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің телеграм-каналына сілтеме жасап хабарлайды.


Қалай әкімі көңіл айта отырып, ауруханада жатқан Әселдің сіңлісі Айжанға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілетінін айтты.

"Құрметті Қайрат Жармұхамедұлы және Жұмагүл Жұмашқызы! Қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын. Әселдің мезгілсіз қайтыс болуы тек сіздер үшін ғана емес, барша алматылықтар үшін үлкен қайғы.

Жақындарыңнан айырылу өте қиын. Бірақ баласынан айырылған ата-ананың қайғысымен ештеңе теңесе алмайды. Бұл орны толмас қайғыда сіздерге батылдық пен төзімділік тілеймін.

Қыздарыңыз Әселдің сіңлісі Айжанның тез сауығып кетуіне тілектеспін. Оның толық сауығып кетуі үшін барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі", - делінген әкім хабарламасында.

Еске салсақ, Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы үйде болған өрт салдарынан 1 адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Автор
Айбар