Шоу-бизнес

Барлығы 50 адам ауруханаға жатқызылды

KZNEWS KZNEWS
Барлығы 50 адам ауруханаға жатқызылды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев ұшақ апатынан зардап шеккен 50 адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

- Жедел медициналық бригадалары 66 адамды ауруханаға жеткізген. Соның 50-і ауруханаға жатқызылды. №4 қалалық клиникалық ауруханаға - 19 адам, қалалық жедел жәрдем ауруханасына - 13 адам, орталық қалалық ауруханаға - үш адам жатқызылды. Жедел балаларға көмек көрсету орталығына 9 бала жеткізілген. Алматы облыстық көпсалалы ауруханаға 6 адам жатқызылды. Олардың барлығы қажетті емдеу шараларымен қамтылып отыр, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, қажет болған жағдайда республикалық санавиация арқылы астанадан білікті дәрігерлер шақырылатынын айтты. №1 Алматы облыстық ауруханасына түскен алты адамның бесеуінің жағдайы - ауыр деп хабарлаған еді дәрігерлер.

27 желтоқсан күні таңертең Алматы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Ұшақта 100 адам - 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Кейінірек Алматы қалалық әкімдігі ұшақта болған 93 адамның тізімін жариялады.

Әзірге толық емес ақпарат бойынша, 14 адам қаза болған.

Төтенше жағдай комитеті аты-жөні анықталған апаттан қаза болғандардың тізімін жариялады:

  1. Николай Астанов 1971 жылы туған;
  2. Хайдаров Р. 1940 жылы туған;
  3. Бауыржан Қалиев 1974 жылы туған;
  4. Базархан Карибаев 1974 жылы туған;
  5. Марат Мұратбаев 1961 жылы туған;
  6. Абай Нұрбаев 1982 жылы туған;
  7. А.Исина

Талғар аудандық полиция басқармасына "Гүлдала елді мекенінің маңына ұшақ құлағаны" туралы ақпарат таңертеңгі сағат 7:30-да түскен. Азаттық тілшілері апат болған аумақты полиция қоршап тастағанын хабарлаған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Fokker-100 ұшағы "ұшу кезінде биікке көтеріле алмай" екі қабатты тұрғын үйге соғылған. Премьер-министрдің тапсырмасымен үкімет комиссиясы құрылған.


Azattyq

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz