"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Бәрін тоқтаттым": Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кетті

"Бәрін тоқтаттым": Желі жұлдызына айналған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кетті

Желі жұлдызына айналған Астана қаласындағы №58 мектептің директоры Ақмоншақ Нұртаза оқырмандарын алаңдатып қойды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұстаз жаңалығын жеке парақшасында жариялады. 

“Бәрін тоқтаттым. Мектеп, қызмет, әлеуметтік желі. Келесі қадам белгісіз", – деп жазды. 

Айта кетейік, білім беру саласының маманы Димаштың Лондондағы концертіне билет ұтыпалған еді. 

Ол 11-сыныпты тәмамдаған түлектерімен бірге Димаштың орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің "Тау ішінде" әніне арналған челлендж түсірген.

Директордың видеосы дәл қазір өзінің Instagram парақшасында 3,1 миллион қаралым жинап, челлендж аясында түсірілген видеолардың ішінде көш бастады.

Ақмоншақ Нұртазаның видеосы кеше Алматыда өткен Димаштың концертінде сахнада көрсетілді. Ал концерттен кейін әншінің анасы Светлана Айтбаева мектеп директорына концертке билет табыс етті.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.