Әнші қызының ем қабылдау барысында оң нәтижеге қол жеткізіп, еңбектеуді үйренгенін айтты.
Танымал әнші Төреғали Төреәлі қызы Кәусарды емдеп жүрген дәрігерге алғыс ретінде 1 миллион теңге сыйға тартты. Өнер иесі оңалту орталығына барып, мерекелік шарада ән орындаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Әнші қызының ем қабылдау барысында оң нәтижеге қол жеткізіп, еңбектеуді үйренгенін айтты. Осыған орай ол Кәусардың емделуіне үлес қосқан дәрігерге ризашылығын білдіріп, қаржылай сыйлық жасаған.
Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі жазбасында барлық баланың сауығып, қатарластары секілді еркін қозғалуын тілейтін өлең жолдарын да жариялады.
«Жанары тұрған шіркін жанып оттай,
Бөбектерді шетелге жамыратпай.
Бір күнде бұйрық келіп Жаратқаннан,
Барлық бала кетсе екен шауып аттай!» – деп жазды әнші.