Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың есімімен жиі байланыстырылып жүрген Айман Instagram парақшасында жақынының қазасына байланысты әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Айман алғашқы сторисінде жан досының анасы өмірден өткенін айтып, марқұмға дұға тіледі.
«Кеше жан досымның анасы өмірден өтті. Алла алдынан жарылқасын. Сонда қызметтеміз», – деп жазды ол.
Кейінгі жазбасында Айман марқұм апаның өмір жолына тоқталып, оның ұзақ әрі берекелі ғұмыр кешкенін айтты. Оның сөзінше, апаны алты қызы мен күйеу балалары ерекше құрметтеп, бар жағдайын жасаған.
«Апа Алланың берген біраз жасын жасады. Жақсы өмір сүрді. 6 қызы мен күйеу балалары аяғын жерге тигізбей құрмет көрсетті. Немере-шөбере-шөпшек сүйді. Әлхамдулиллях! 100-дің 90-ын жасады, оны қазақта той дейді», – деп жазды Айман.
Сондай-ақ ол марқұмның өмірден өтер алдында жақындарына ризашылығын айтып, батасын беріп кеткенін жеткізді.
Айман жазбасының соңында көпшіліктен орынсыз пікір жазбауды сұрады.
«Бәріне, бізге де рақметін айтып, батасын беріп, разы екенін айтып, алдын ала бәрін тапсырып, мәңгілік сапарға аттанды. Бәрімізге сондай қайырлы ғұмыр берсін. Артық білгіштен жазбай-ақ қойыңдар. Ненің не екенін білетін жастамын», – деді ол.