Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Бәрі жақсы”: Қаржы мониторингі іздеу салған блогер шетелде ішімдік ішіп отырған фотосын жариялады

“Бәрі жақсы”: Қаржы мониторингі іздеу салған блогер шетелде ішімдік ішіп отырған фотосын жариялады
Фото: https://www.instagram.com/qais_arr

Екі күн бұрын іздеу жарияланған танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желідегі парақшасына жаңа сурет жүктеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Блогер суретте тамақтанып отырған сәтін көрсетті. Кей кадрдан оның алкогольдік сусын ішіп отырғанын байқауға болады.

Постында Қайсар Қамза қысқа ғана «Бәрі жақсы»деген жазба қалдырған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жаңалыққа әртүрлі пікір білдірді. Кейбіреулер блогердің әрекетін қолдап, қалжыңмен қабылдаса, басқалары оның іздеу жарияланғаннан кейін осындай қылық танытуын сынға алды.

Еске салсақ, Қайсар Қамзаға қатысты іздеу Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратында тіркелген, блогердің онлайн құмар ойындарын жарнамалауға қатысы болуы мүмкін деп хабарланған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.